Меню

Страницы

Статья

"БЖЗҚ" АҚ сағат 12.00-де "Ашық есік күніне" шақырады

Хабарландыру

                 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

Тақырыбы: «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі».

БЖЗҚ 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – салымшыларға заңды тұлғаның жеке кабинетімен, заңды тұлғалар үшін «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерімен, сондай-ақ салымшылар ретінде оларға қолжетімді қызметтер тізбесімен таныстыру жөніндегі ақпаратты ұсыну болып табылады.

Ашық есік күні Қор салымшыларының барлық санаттары үшін, соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес қатысушылары үшін өткізіледі.

Іс-шараны өткізу барысында салымшыларға (алушыларға) заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады.

Сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді. Қазіргі уақытта сервис пайдаланушыға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген Электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

Сондай-ақ кездесу барысында жауапты қызметкерлер салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.        

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 18 наурызда (12.00 с.) онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет (https://us05web.zoom.us/j/86995466763?pwd=cWFtOXpLNW1sWmhOZ0gyK1BEWXN0UT09). Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу: (869 9546 6763) және event-кеңес паролін енгізу: (1418) қажет.

         

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!  

 

Дата публикации
14 марта 2022
Дата обновления
14 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы