Ақсу өңірінде адамдар үшін де, жануарлар үшін де ортақ аурулар болып табылатын сібір жарасының, бруцеллездің, құтырудың алдын алу бойынша онкүндік жарияланды. Бұл аурулар зооантропонозды, әсіресе қауіпті инфекциялар болып табылады, олар жоғары жұқпалы, ауыр клиникалық көрініспен және өлімнің жоғары деңгейімен сипатталады.
Жоғарыда аталған аурулардың адамдар үшін инфекция көзі, ең алдымен, жануарлар, әсіресе адам күнделікті байланыста болатын жануарлар.
Құтырма-ауру жануардың қабуы, тырнауы, сондай-ақ ауру жануардың сілекейі терінің зақымдалған жерлеріне (сызаттар, абразиялар, жаралар) түскен кезде жұқтырылуы мүмкін.
Облыста 2021 жылы жануарлар арасында құтыру ауруының 11 ошағы анықталды, оның ішінде жабайы (Баянауыл — 2, Железин — 6, Ертіс — 1, Аққулы – 1, Тереңкөл – 1).
Адамда құтыру ауруының соңғы жағдайы 2015 жылы Ақсу қаласының ауылдық аймағында тіркелді, онда аурудың көзі өз иесін қапқан үй иті болды. Өкінішке орай, бұл оқиға адамның өлімімен аяқталды.
Есте сақтаңыз: Құтырма ауруың алдын алуға болады, оны емдеуге болмайды. Адамзат тарихында құтыру ауруынан айығудың бірде-бір жағдайы болған жоқ. Тек құтыруға қарсы егкпелерді уақтылы жүргізу және медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын орындау сізді осы қауіпті аурудан қорғайды.
Бруцеллез - адам сауу, жануарларды күту, тістеу, қозу және т.б. кезінде ауру жануарлармен жанасқанда немесе ауру жануарлардан ет, сүт тұтынған кезде жұқтырулары мүмкін.
Ақсу өңірінде жыл сайын бруцеллез ауруы тіркеледі. 2021 жылы Ақсу өңірінде бруцеллезбен сырқаттанушылықтың 66,7% - ға өсуі байқалды. Тұрғындар арасында бруцеллез ауруының 3 жағдайы тіркелді, 2020 жылы 1 жағдайға қарсы, оның ішінде Ақсу қаласы бойынша — 1 жағдай, ауыл бойынша — 2 жағдай. Инфекцияның негізгі көзі жеке сектордың ауылшаруашылық жануарлары болып қала береді. Инфекцияны жұқтыру жолдары байланыс арқылы, алиментарлық (жануарлардан алынатын өнімдерді тамаққа пайдалану кезінде, жануарларды күту кезінде) болып табылады.
Профилактикалық іс-шаралар тізімінде жануарларды бруцеллезге жүйелі түрде тексеру және оларды вакцинациялау бар. Сондай-ақ ауру малды анықтаған кезде оны оқшаулау және оған күтім жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Сонымен қатар, сіз нашар қайнатылған, қуырылған ет, шикі сүт, өңделмеген ірімшіктер мен сырды жеуге болмайды.
Күйдіргі - күйдіргі микробының спораларын жұқтырған малдарда ауру жануарларды күту барысында, малды сою, етті өңдеу кезінде, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерімен жанасу кезінде жұғуы мүмкін.
ҚР-да күйдіргі бойынша эпидемиялық жағдай күрделі болып қалуда, 2021 жылы ҚР бойынша барлығы 27 ауру тіркелген (Ақтөбе — 3, ШҚО — 4, Жамбыл-1, Қостанай — 5, СҚО — 1, Түркістан-7, Шымкент қаласы-6).
Ақсу өңірінде адамдардың сібір жарасымен ауруының соңғы жағдайы 2010 жылы Ақсу қаласының ауылдық аймағында тіркелді, оған жеке ауласында ветеринариялық куәландырусыз ірі қара малды (сиырды) мәжбүрлі сою себеп болды.
Күйдіргі ауруын жұқтырудың алдын алу шаралары ретінде ауру жануарларды немесе ауру жұқтырған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты елді мекеннен тыс жерлерге әкетуге (әкелуге) қатаң тыйым салынады.