Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтар QR арқылы мемлекеттік қызметтер ақысын 700 мыңнан астам рет төледі

Өткен жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Kaspi және Halyq Bank-пен бірлесіп, ХҚО-ларда мемлекеттік бажды QR көмегімен төлеу сервисін енгізді. Бір жыл ішінде қазақстандықтар QR кодты 700 мыңнан астам рет сұратып, 2,8 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасаған.

"Сервис енгізілген сәттен бастап, біз оң өзгерістер байқап отырмыз – клиенттер уақытын үнемдеп, оператордың алдында отырып-ақ қызмет ақысын төлеп жүр. Кассалардың жүктемесі төмендеді. Сондай-ақ QR код арқылы төлем жасалғанда комиссия алынбайды. Осының барлығы бізге таяу уақытта ХҚО-дағы кассалардың санын үштен бірге дейін қысқартуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2021 жылғы қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі проблемаларға назар аударып, бұл процестерді толығымен цифрландыруды тапсырған болатын. QR код арқылы төлем жасау сияқты сервистер азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу ретін жеңілдетуге көмектеседі.

Қазір QR кодтың көмегімен 146 түрлі мемлекеттік қызметтің ақысын төлеуге болады. Болашақта бұл тізім толықтырылатын болады.

QR код арқылы мемлекеттік баж алымын төлеу Kaspi және Halyq Homebank мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді.


Дата публикации
22 февраля 2022
Дата обновления
22 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы