Достар, біз дайын құжаттарды үйіңізге дейін жеткізіп беру қызметін енгіздік.
Құжаттар дайын болған соң клиенттің телефонына веб-парақшаға сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді. Ары қарай сілтемеге өтіп, құжаттар жеткізілуі тиіс мекенжайды көрсету қажет. Біз мемлекеттік қызметтің 150 түрі бойынша құжаттарды жеткіземіз.
Жеткізу өтінім толтырылғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қызмет ақылы, жеткізу құны – 972 теңге.