Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімінің жобасына Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру тарифін белгілеу туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қаланың бұл жобасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына және "тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып табылады.
Ақсу өңірінде келесі бағыттар бойынша 7 ауылдық маршруттар әрекет етеді: Ақсу-Құркөл ("КХ Лидер" ЖШС), Ақсу-Береке (ЖК Орлов Н.А.), Ақсу-Сольветка ("КХ Лидер" ЖШС), Ақсу-Сарышығанақ ("КХ Лидер" ЖШС), Ақсу-Үштерек (ЖК Истомин В.И.), Ақсу-Айнакөл (ЖК Мусинов К. К.), Ақсу-Ақжол (ЖК Баянова).
Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесіне (Павлодар облыстық мәслихатының 15.06.2017 жылғы №128/14 шешімі) сәйкес Ақсу өңірі бойынша 5 ауылдық маршрут (Ақсу-Құркөл, Ақсу-Сольветка, Ақсу-Сарышығанақ, Ақсу-Береке, Ақсу-Ақжол) субсидиялауға жатады.
Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі "Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру тарифін белгілеу туралы" Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің және мәслихатының бірлескен қаулысының жобасын қарауға енгізеді.
Бекітуге ұсынылатын тарифтер ауылдық округ тұрғындары жиынының хаттамаларына сәйкес тасымалдаушылар пайдаланатын қазіргі қолданыстағы тарифтер болып табылады.
Жоба "электрондық үкіметтің" интернет-порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=13352475