БЖЗҚ-да кемінде 5 жыл сақталған ерікті зейнетақы жарналарынан төлемдерді алу үшін салымшылар enpf.kz сайты арқылы өтініш бере алады.
БЖЗҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін, алушыларға ыңғайлылық пен олардың уақытын үнемдеу үшін Қордағы шотта кемінде бес жыл жатқан ерікті зейнетақы жарналары мен олар бойынша есептелген инвестициялық кірістерден қалыптасқан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру мүмкіндігін қашықтан - БЖЗҚ корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы енгізді.
Осылайша, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте БЖЗҚ -да зейнетақы жинақтары бар алушыларға зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінімдерді беру қызметі көрсетіледі:
- міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен: белгісіз мерзімге 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
- ЕЗЖ есебінен:
50 жасқа толған адамдар;
мүгедектігі бар тұлғалар;
БЖЗҚ –дағы шотында кемінде бес жыл жатқан ЕЗЖ және олар бойынша есептелген инвестициялық кіріс көлемінде зейнетақы жинақтары бар адамдар.
Өтініш беру үшін алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Сондай-ақ, «Электрондық қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер / аударымдар бойынша өтініштерім» қызметін пайдалана отырып, enpf.kz сайтында «БЖЗҚ» АҚ -да тіркелген төлем туралы өтінімнің орындалу жағдайын бақылай аласыз.
Ерікті зейнетақы жарналары - салымшылардың (алушылардың) өз бастамасы бойынша БЖЗҚ -ға енгізетін ақшасы. Оларды жеке тұлғалар өз пайдасына, ал жеке және заңды тұлғалар үшінші жақтың пайдасына жасай алады. Бұл ретте ЕЗЖ төлемінің мөлшері мен жиілігін жеке немесе заңды тұлға дербес белгілейді.