Меню

Страницы

Статья

Ақсу қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі №40/5 шешіміне өзерістер енгізу туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ақсу қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі №40/5 шешіміне өзерістер енгізу туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімінің жобасын әзірледі.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Ақсу қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын іске асыру болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

Осы нормативтік құқықтық актінің жобасы:

Ақсу қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 40/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7287 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 Осылайша, жобаны қабылдау мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін қажет.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» интернет-порталында ашық НҚА  бөлімінде орналастырылған/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2

 

 

 

Дата публикации
17 января 2022
Дата обновления
17 января 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы