Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» шешімінің жобасы әзірленді.
Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты қайта аталған ауыл атауларын мен ауыл тұрғындары өкілдерінің санын түзету болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді.
Аталған құқықтық-нормативтік актінің жобасы жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізуді тәртіпке келтіреді.
Осылайша, жобаны қабылдау қайта аталған ауыл атауларын мен ауыл тұрғындары өкілдерінің санын түзету үшін қажет.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.