Меню

Страницы

Статья

Құрметті кәсіпкерлер!

Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі қала кәсіпкерлері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) шекті сауда үстемесін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыс жүргізуде.

ҚР 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» № 544 Заңының «Ішкі сауда саласында баға белгілеу» 9-бабына сәйкес әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын жеткізу шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.

ӘМАТ тізбесіне тауарлардың 19 атауы кіреді: бірінші сортты бидай ұны; бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді); рожки (өлшеніп салынатын); қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын); тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын); пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада; майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада; сүзбе: майлылығы 5-9%; күнбағыс майы; сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ); тауық жұмыртқасы (I санатты); қант; сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі); тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік); аc тұзы («Экстра»-дан басқа); ақ қауданды қырыққабат; басты пияз; сәбіз; картоп.

Егер сауда орнында бірнеше өндірушілерден немесе көтерме жеткізушілерден әлеуметтік маңызы бар өнімдер болса, ішкі сауда субъектісі ӘМАТ-қа ӘМАТ беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 5 шілдедегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы № 235-V ҚРЗ Кодексіне сәйкес  

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттыру» 204-4-бабы

  1. Ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сауда үстемесінің мөлшерін арттыруы - ескерту жасауға алып келеді.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 75 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Сауда үстемесінің мөлшерін сақтауды жергілікті атқарушы органдар жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдар негізінде бақылайды.

Сауда объектілері сатушыларының сауда үстемесінің мөлшерін арттыру фактісі анықталған жағдайда өңір тұрғындарын Астана көшесі, 21а, 69102 мекенжайы бойынша «Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ-ге жазбаша өтінішпен жүгінуді сұраймыз. 

Дата публикации
22 декабря 2021
Дата обновления
22 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы