Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қосымшаға сәйкес, карантин кезеңінде санитарлық–эпидемиологиялық режимді сақтау жөніндегі мониторинг тобының құрамы бекітілсін.
«Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Серик Туякович Абенов Info Kazakhstan электрондық платформасында мониторинг топтарының рейдтік іс-шаралары актілерін тіркеу үшін жауапты болып бекітілсін.
«Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Каппасовқа жүктелсін.
Ақсу қаласының әкімі Ж. Шұғаев