Меню

Страницы

Статья

Үштұғырлы тілдің жаңа замандағы жағдайы туралы

      Əлемде қанша ұлт, нəсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. Əр тіл – өз орнында ұлы, əр тіл – бүкіл адамзат қазынасының ортақ палитрасындағы өз өрнегімен қымбат. Бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз əлдилеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде. Ғылым жолы – білім жолы. Ғылым адамзат дамуының қозғаушы күші. Елбасы адам капиталын жетілдіру ісінде ғылымсыз жүзеге аспайтын, ғылым мен инновацияны дамытуда үш тұғырлы тілді дамытудың үлесі зор екенін айтады. Бүгінгі ұрпақ ана тілін игеру арқылы тарихи тұлғалармен байланысқа түседі, ана тілі арқылы төл мəдениеті мен əдебиетін бойына сіңіреді. Тарихи сабақтастықтың негізі де осы ана тілін жетік білуде жатыр. Бұл – басты, бірінші негіз. Екіншіден орыс тілі бүгінгі таңда Қазақстан үшін ақпарат тілі ғана емес, ұлтаралық байланыс тілі болып тұр.Үшінші, ағылшын тілі ғылым, инновация тілі десек, оны жетік игеру ғылымды дамытуға ықпал етері даусыз.

   Басты мақсат – мемлекеттік тілдің басқа халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, əлемдік деңгейге көтеріп, жаһандану заманындағы жаһандық тілдермен тең қолданатын биікке жеткізу. Ол үшін жас ұрпақтың қабілеттері мен дарынын дамытып, оларды əлемдік тілде еркін сөйлеуге үйрету. Үш тілді жетік меңгерген жастар əлемді танудың кілтін қолына алады. Ол –жаһанданудың кепілі.

      «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе». Бұл – қазақ тілінің ұлттық деңгейде меңгерілу қажеттілігін үстем етері сөзсіз. Орыс тілін меңгеру – біздің мəдени байлығымыздың ажырамас бөлігі, əлемдік білімдердің қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайтудың кепілі. «Ағылшын тілін меңгеру – əлемдік жаңа саясатқа кірудің басты кілті»,-деп Н. Ә. Назарбаевтың айтқан сөзі ұлт болашағының жарқын бейнесі.

 

Дата публикации
07 декабря 2021
Дата обновления
07 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы