Меню

Страницы

Статья

Интернет арқылы үй тамақтарына тапсырыс берудің қаупі қандай?

Үй тамақтарына онлайн тапсырыс бере отырып, біз қандай тәуекелге барамыз?
Үй жағдайында дайындалған тамақтарды (торттар, тәтті нандар, суши, чебурек, нан-тоқаш өнімдері және басқалары) әлеуметтік желілер арқылы өткізу жыл сайын қарқынды дамуда. Себебі өте айқын: қазіргі адамдардың көпшілігі өмір темпі өте қарқынды болып негізді саналатын қалаларда өмір сүреді. Қалалық абыр-сабырдың әсері бәрінен байқалады, тіпті тамақтануда да. Уақыттың тығыздығына байланысты, тапсырыс беріп тамақтану әдетке айналуда. Бірақ, әлеуметтік желілірден тағамға тапсырыс берер алдына, оны қайда, қалай және кім дайындайтыны жайлы ойлаңыз. Мүмкін өнімді лас үй-жайда, дайындауға қажет қарапайым жағдайлар жоқ, шикі және дайын өнімдерді бір ыдыста, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді пайдаланады және т.б. Ал тамақты дайындайтын адам бактериятасымалдаушы болуы немесе жұқпалы аурулармен науқастанып, сізге және сіздің балаларыңызға зиян келтіруі де мүмкін. Өйткені оның орын алмауына Сізде ешқандай кепілдік жоқ қой.
          Сіздің және сіздің балаларыңыздың денсаулығымен тәуекел етуге тұра ма?
Егер сіз ауырып қалсаңыз және оған желі арқылы тапсырыс берілген тағам себеп болса, әлеуметтік желідегі белгісіз тұлға жауапкершілікке тартыла ала ма?
Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар!

Дата публикации
20 октября 2021
Дата обновления
20 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы