«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 439-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 68 бірлескен бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден бастап сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату бойынша қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (бұдан әрі – ӘМАТ) жеткізу шартында көрсетілген, өнім берушінің босату бағасының немесе өнім берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесін белгілеуге міндетті.