«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мерзімі құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде үзбелі талон негізінде нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көрсете отырып, өтінішті ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет);
2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Толық ақпарат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Ақсу қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 10 мекенжайы бойынша «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не 14-кабинетке жүгінуге құқылы немесе 67517 телефоны бойынша хабарласа алады.