Меню

Страницы

Статья

Бала тууына байланысты берілетін төлемдерді тұрғылықты тіркеу орнынан тыс рәсімдеуге болады

Баланың туылуына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-ға жүгіне алады. Бұрын тұрақты тіркеудің болуы және тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты талаптарының бірі болған.

«Экстерриториалды қағидат тұрғылықты тіркеу орнына тәуелді болмай, клиенттерімізге қозғалыс еркіндігін береді. Оның арқасында қазақстандықтар баланың тууына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыны, тіркелген мекенжайына  қарамастан, елдің кез келген ХҚО-да бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ресімдей алады. Жыл соңына қарай біз төлемдердің басқа түрлері бойынша да экстерриториалды қағидатты енгізуді жоспарлап отырмыз» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов.

Айта кетейік, 2021 жылдың 8 айында баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақылар бойынша 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет ресімделген.

 

 

 

 

Дата публикации
27 сентября 2021
Дата обновления
27 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы