Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік баж салығын төлеу

Қазақстандықтар үшін жақсы жаңалығымыз бар. Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады.

Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді.

Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады.

Дата публикации
17 сентября 2021
Дата обновления
17 сентября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы