Меню

Страницы

Статья

Кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар басшыларына!

БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысына сәйкес 1990 жылғы желтоқсаннан бастап 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып саналады.

2021 жылдың 15 қыркүйегінен 15 қазанына дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Игі істер марафоны» акциясы аясында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылында еліміздің барлық тұрғындарының бірлігі, қазақстандықтардың санасында Тәуелсіздік құндылықтарын нығайтудың маңызы зор.

Сізді ел Тәуелсіздігінің мерейтойын мерекелеу шеңберінде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізуге белсене қатысуға, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге, ондай-ақ аз қамтылған көп балалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырамын.

Алдын-ала алғыс білдіреміз және Сіздің белсенді қатысатыныңызға үміттенеміз.

Біздің деректемелеріміз: «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Ақсу қалалық филиалы

БСН / ЖСН 970 641 003 011 КБЕ 18

ЖСК КZ 496 010 241 000 011 911

Алушының банкі: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БСК HSBKKZKZ KBE 18

 

 

Ақсу қалалық Ардагерлер

кеңесінің төрағасы                                                       З. Арынов

Дата публикации
16 сентября 2021
Дата обновления
16 сентября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы