Меню

Страницы

Статья

Құрметті барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар басшылары!

2021 жылғы 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Игі істер марафоны» акциясы аясында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізіледі.

Баршаңызды қайырымдылық акциясын өткізуге белсене қатысуға, назар мен қамқорлық көрсетуге, барлық мұқтаж ардагерлерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге, бір және одан да көп мүгедек отбасыларға, балалары бар мүгедек әйелдерге көмек көрсетуге шақырамыз.

Жалғыз тұратын зейнеткерлерге, тұрмысы төмен азаматтарға материалдық көмек көрсету мүмкіндігін іздестіруді, кездесулер, концерттер ұйымдастыруды, соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетуді сұраймыз.

Жанашырлық пен мейірімділік әрқашан халық дәстүрлерінің ажырамас бөлігі болып келді және оларды қастерлеп құрметтеу-біздің ортақ парызымыз.

Алдын-ала алғыс білдіреміз және Сіздің белсенді қатысатыныңызға үміттенеміз.

Көрсетілген қайырымдылық іс-шаралар туралы «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не 50696, 64791 телефондары немесе zanak@yandex.kz электрондық мекенжайы бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы                         Е. Бобчихина

 

Дата публикации
16 сентября 2021
Дата обновления
16 сентября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы