Меню

Страницы

Статья

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ASHYQ ЖОБАСЫНЫҢ 21 КӨШБАСШЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ Облыста бүгінде Ashyq жобасына 776 бизнес өкілі қосылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ASHYQ ЖОБАСЫНЫҢ 21 КӨШБАСШЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Облыста бүгінде Ashyq жобасына 776 бизнес өкілі қосылды.Кәсіпкерлерден тағы 120-ға жуық өтінім қарауда жатыр. Жобада 2-апталық жұмыс нәтижесінде келушілерді тіркеу бойынша жоғары нәтижеге жеткен  көшбасшылыар, сонымен қатар аутсайдерлер анықталады.
Мұндай ақпаратты Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов хабарлады.
«Ashyq жобасының талаптарын бұзған 11 қатысушы жобадан 2 аптаға 14 шілдеден 28 шілдеге дейін шеттетілді. Бұдан бөлек, 2 апта ішінде келушілерді тіркемеген (check-in), тіркеу саны 20 реттен аспайтын 103 аутсайдер бар. Мониторинг топтары осы нысандармен жұмыс жүргізіп жатыр. Осы ретте Ashyq жобасына жауаппен қарап, барлық талаптарды тиянақты орындап жатқан нысандардың бары қуантады. Бізде мұндай 21 нысан бар», – деді Серік Сәдуақасов.
 «Ashyq көшбасшылары» статусын берудің белгілі бір критерийлері бар:
- қоғамдық тамақтану объектілері, караоке, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, спорт кешендері, сауналар, фитнес-орталықтар, бассейндер, театрлар, филармониялар, концерт залдары, кинотеатрлар, көрмелер, туристік тасымалдар, океанариум, балалар ойын-сауық орталықтары (жабық), цирктер 2 апта ішінде 1000-нан астам тіркеу жүргізген кезде «Ashyq көшбасшылары» статусын алады.
- бильярд және боулинг клубтары, СПА-орталықтар, отельдер, қонақ үйлер егер 2 апта ішінде 500-ден астам тіркеу жүргізсе, жоба көшбасшылары атанады.
«Ashyq көшбасшылары» статусы 2 апталық мерзімге беріледі.  
 Ashyq жобасына қатысу өтінімдері InfoKazakhstan.kz сайты арқылы берілетінін айта кету керек.
 Егер кәсіпкерлерде Ashyq жобасына қатысты сұрақтар туындаса, Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз. Анықтама телефондары: 8/7182/660311 ішкі: 5502, 5510, 5518.
#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы
#seriksadvakasov
#РПППавлодар
Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы