Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысында 500-ден астам бизнес субъектісі Ashyq жобасымен жұмыс істейді

Павлодар облысында 500-ден астам бизнес субъектісі Ashyq жобасымен жұмыс істейді

 Бастапқыда Ashyq қосымшасын негізінен облыс орталығындағы кәсіпкерлер қолданса, қазіргі кезде жобаны моноқалалар мен аудандардағы бизнесмендер белсенді игеруде. 

 Мұндай ақпаратты Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов айтты. 

 «Қазіргі таңда Екібастұз қаласынан 86 өтінім, Ақсу қаласынан – 36 өтінім келіп түсті, Павлодар облысының аудандары бойынша 73 өтінім бар. Осы ретте бизнесмендер ҚР Бас санитар дәрігердің 2021 жылғы 3 маусымдағы қаулысына сәйкес жоба талаптарын бұзған  қатысушыларды Ashyq жобасынан шығару алгоритмі қарастырылғанын есте сақтауы керек», – деді Серік Сәдуақасов.

 Мәселен, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректеріне сәйкес Павлодар облысы бойынша келушілерді өткізу үшін QR-кодты мүлдем пайдаланбаған 32 қатысушысы-нысан анықталды.

Осыған байланысты, осы 32 нысанның барлығы жобадан шығарылды.

Бұдан басқа, мониторинг топтардың жұмысы шеңберінде жобаға қатысу шарттарын бұзған жобаның бір қатысушысы анықталды, ол да жобадан шеттетілді. 

 Сонымен қатар жоғарда аталған қаулыға сәйкес жоба қатысушылары арасында көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталған. 

 «Көшбасшылар қатарында Павлодар облысынан 13 бизнес субъектісі бар. Екі апта бойы QR-кодты пайдаланбаған аутсайдерлер тізіміне 101 кәсіпорын кірді. 

 Осы бизнес субъектілерінің тізімі облыс әкімдігінің сайтында жарияланған.

Жоба аутсайдерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті Серік Сәдуақасов.

Ashyq жобасына қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады. Анықтама телефоны: 8/7182/660311 ішкі:5502, 5510, 5518

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы

#seriksadvakasov

#РПППавлодар

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы