«Жеміс-көкөніс өнімдерін қауіпсіздігін бақылау бойынша науқан жүргізу туралы»
Халық арасында тамақтан уланудың, жіті ішек инфекцияларының алдын алу, тұтыну сауаттылығын арттыру, тұтынушылардың жеміс-көкөніс өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша хабардар болуы мақсатында 2021 жылғы 1 маусым мен 31 маусым аралығында "Нитратсыз өнім" акциясы өткізіледі .
Акция барысында жеміс-көкөніс өнімдерін сату орындарында нитраттардың қалдық құрамына экспресс-зерттеу, сауалнама жүргізу, сондай-ақ тұтыну сауаттылығын, жеміс-көкөніс өнімдерінің қауіпсіздігі, тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу мәселелері бойынша хабардар болуды арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Әрбір тұтынушы сауда орындарында, сондай-ақ апаттық сауда орындарында жеміс-көкөніс өнімдері мен бақша өнімдеріне экспресс-зерттеу жүргізе алады.