Меню

Страницы

Статья

Өзін-өзі оқшаулау режимін қасақана бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады


Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің КВИ-ға шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткендігін хабарлайды. Осы талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға әкімшілік жаза қолданылатын болады. Ережелер 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар «Ashyq» ақпараттық платформасы арқылы анықталмақ.
Осылайша, жүйе мәліметтері «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға кіру кезінде анықталған «қызыл» мәртебесі бар адамдарды тіркеу фактісін растау болып саналады. Дәлірек айтқанда, карантиндегі науқас адамның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазаны қолдануға себеп болады.
Егер азамат өзінің КВИ-ға шалдыққанын біле тұра, оқшаулану режимін бұзып, айналасындағы адамдарға қасақана қауіп төндірсе, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады
«Ashyq» платформасының жүктемелеріндегі мәліметтер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркелгенін атап өткен жөн.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырып, әкімшілік айыппұлдар КВИ сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын бақылауға алуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.

Дата публикации
09 июня 2021
Дата обновления
09 июня 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы