Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды

Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды

 

 

Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы "Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы" № 26 Қаулысына сәйкес, толымдылығын 30%-дан асырмай, бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын қамтамасыз етілгенде, бірақ 50 адамнан асырмаған жағдайда еске алу шаралары үшін банкет залдарының қызметіне  рұқсат етіледі.

Осыған қарамастан, облыста 50-ден астам адам қатысатын еске алу шаралары өтуде, бұл тұрғындар  арасында коронавирустық инфекцияның таралуына және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына себеп болуы мүмкін.

Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы талаптарды орындау міндетті болып саналады.

Заң бұзушылықтар анықталса, құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде жедел шаралар қабылданады.

Жоғарыда жазылғандардың  негізінде, халықтың денсаулығын қорғау және тұрғындар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, Сіздерден азаматтық сана-сезімді  танытып, қолданыстағы шектеу іс-шараларын ұстануды сұраймыз.

 

 

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы