Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылдың 5 айында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері кәсіпкерлік субъектілеріне 473 қызмет көрсетті

Ағымдағы жылдың 5 айында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері кәсіпкерлік субъектілеріне 473 қызмет көрсетті. Ең көп сұранысқа ие болған қызметтер - маркетингтік қызмет болды.

«Бизнесті қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі - кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау. Соның ішінде сервистік қолдау, оның аясында мамандандырылған қызметтер бизнеске ақысыз түрде ұсынылады. Мысалы, кез-келген фирма өз штатында жоғары білікті заңгерді жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Немесе, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкер салық салу не болмаса мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Мұндай сәтте сервистік қызметтер өте уақтылы көрсетіліп, қажетті болып табылады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бизнес-жоспарды құруға, бухгалтерлік есеп пен салық есебі мәселелеріне, статистикалық есептер дайындауға, құқықтық, онымен қоса мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша көмектеседі», - дейді Серік Садвакасов, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры.

Кәсіпкерлер арасында ең сұранысқа ие қызметтер - маркетингтік қызметтер, дәлірек айтсақ бизнес-жоспарлар әзірлеу,  бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге байланысты қызметтер.

Кәсіпкерлер қызметтерді оффлайн режимінде Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16 мекенжайы бойынша орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласу арқылы, https://g4b.kz/ мекенжайы бойынша да ала алады.

Толығырақ ақпаратты Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасынан алуға болады. Анықтама үшін телефон: 8/7182/654415, 8/7182 / 660311. ҰКП Call-Center  - 1432.

 

Дата публикации
03 июня 2021
Дата обновления
03 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы