Жоба
Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық
жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақсу қаласының мынадай санаттар қатарындағы азаматтарына жеңілдік құқығын растайтын құжаты және электронды пластик карталары бар болған жағдайда, №№ 1,2,3,4,4У,5,6,7,10,11, «Проходная» және «Беловка» тұрақты қалалық маршруттары бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
- Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі- ҰОС) қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ, жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;
4) I топтағы мүгедектер, соның ішінде көруі бойынша, жол жүру сәтінде мүгедекті алып жүретін тұлғаларға;
5) жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, сондай-ақ, 7 жастан 18 жасқа дейінгі көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;
6) 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп (соның ішінде студенттер) балалары бар, сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағына ие болған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар.
- Ақсу қаласының мынадай санаттар қатарындағы азаматтарына жеңілдік құқығын растайтын құжаты және электронды пластик карталары бар болған жағдайда, толық жол жүру билеті құнынан 50% мөлшерінде №1,2,3,4,4У,5,6,7,10,11, «Проходная» және «Беловка» тұрақты қалалық маршруттары бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) жасына байланысты зейнеткерлер;
2) Ақсу қаласының құрметті азаматтары;
3) II топтағы мүгедектер;
4) әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын (есепте тұрған) адамдар;
5) 7-ден 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 1 -11 сынып оқушылары мен колледждердің 1 және 2 курс студенттері;
- Қаржыландыру көзі болып Ақсу қаласының бюджеті белгіленсін.
- Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1038/11 және Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 74/10 «Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы мен шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпанда «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және Ақсу қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары М.Ж. Абулқалыковқа жүктелсін.
- Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қала әкімі
Б. Ибраев
|
Сессия төрағасы
М. Мукашев
|
Қалалық мәслихатының хатшысы
М. Омарғалиев