Жоба
Ақсу қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық
қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға
сараланған тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31-бабынын 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және жолаушылар тарапынан Ақсу қаласының қоғамдық көлігінде қолма-қол ақшасыз жолақысын төлеу әдісінің тартымдылығын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) жолақысы үшін қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде ұялы байланыс қызметі арқылы не болмаса электронды жолақы картасы арқылы:
ересектер – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар – 40 (қырық) теңге мөлшерінде.
2) жолақысы үшін қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
ересектер – 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар – 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.
ересектер – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар – 40 (қырық) теңге мөлшерінде.
Қала әкімі Б. Ыбыраев
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақсу қалалық
мәслихатының хатшысы
М. Омарғалиев___________
2020 жылғы «___»_________