Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің
«Карантинді тоқтату және Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі
әкімінің 2020 жылғы 13 қарашадағы «Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы аумағында карантин белгілеу туралы» № 1-03/11 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы аумағында ірі қара малдың қарасан ауруына байланысты белгіленген карантинді тоқтату болып табылады.
Шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 2-19/771 ұсынысына сәйкес әзірленді және осыған байланысты «Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылының аумағында белгіленген карантин тоқтатылады.
Шешімнің жобасымен Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 1-03/11 "Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылының аумағында ірі қара малдың қарасан ауруы бойынша карантин белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7028 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің «Карантинді тоқтату және Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 қарашадағы «Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылын аумағында карантин белгілеу туралы» № 1-03/11 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=6084360
ашық НҚА порталында орналастырылған.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қызылжар ауылдық
округі әкімінің
міндетін атқарушы М. Солтанов