АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
«Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы»
ШЕШІМ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Бұл шешім жобасы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді.
Осы шешімді қабылдаудың мақсаты бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді реттеу болып табылады.
Бұл жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларды қамтымайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында нормативтік құқықтық актілер бөлімінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда орналастырылды https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=5835261.