Меню

Страницы

Статья

Тұрмыстық химиялық заттарды қауіпсіз таңдау: сатып алу кезінде нені ескеру қажет?

Тұрмыстық химиялық заттар үйдің тазалығы мен гигиенасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алайда оларды дұрыс таңдамау немесе пайдалану адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Тұтынушыларға төмендегі қарапайым, бірақ маңызды қағидаларды ұстануға кеңес береді.
Өнімнің таңбалануына назар аударыңыз. Қаптамада өнімнің атауы, өндіруші туралы мәліметтер, қолданылу мақсаты, сақтық шаралары, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және өзге де міндетті ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ «Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз», «Құрамында белсенді хлор бар», «Қорғаныш қолғаптарын пайдаланыңыз» сияқты ескерту жазуларына ерекше мән берген жөн.
Қаптаманың бүтіндігін тексеріңіз. Өнімнің қаптамасы мықтап жабылған, жарықсыз, ісінбеген және ағып тұрмаған болуы қажет.
Өнімнің қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз. Тұрмыстық химиялық заттардың мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжаты болуы тиіс. Сатып алушының талабы бойынша сатушы бұл құжатты көрсетуге міндетті.
Қолдану талаптарын сақтаңыз. Тұрмыстық химиялық заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, әртүрлі құралдарды өзара араластырмаңыз, оларды тек нұсқаулыққа сәйкес пайдаланыңыз және азық-түлікке арналған ыдыстарға құймаңыз.
Тұрмыстық химиялық заттарды қауіпсіз таңдау және оларды дұрыс пайдалану – үй тазалығын сақтаудың ғана емес, өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаудың да маңызды кепілі.
Ақсу қ. СЭББ бас маман Ш.К. Ахметова

Дата публикации
18 сентября 2026
Дата обновления
18 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы