Меню

Страницы

Статья

Туберкулездің алдын алу және ерте анықтау – қоғамдық денсаулықты сақтаудың маңызды шарты

туберкулездің алдын алу және оны ерте анықтау әрбір азаматтың денсаулығын қорғауда ерекше маңызға ие екенін еске салады.

Туберкулез – туберкулез микобактериясы (Кох таяқшасы) қоздыратын жұқпалы ауру. Көбіне өкпені зақымдайды, алайда инфекция бүйрек, сүйек, ми және басқа да ағзаларды зақымдауы мүмкін.

Аурудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгілер байқалмауы ықтимал. Сондықтан профилактикалық тексерулерден уақытылы өту аса маңызды. Туберкулезге тән негізгі белгілерге ұзаққа созылған жөтел, кеуде қуысының ауыруы, әлсіздік, тез шаршағыштық, дене салмағының төмендеуі, дене қызуының көтерілуі және түнгі тершеңдік жатады. Осындай белгілер байқалған жағдайда дереу дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

Туберкулездің алдын алудағы ең тиімді тәсілдердің бірі – БЦЖ вакцинациясы. Бұл екпе Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне енгізілген. Вакцина жаңа туған нәрестелерге өмірінің 2–4 тәулігінде медициналық тексеруден кейін, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жүргізіледі.

Туберкулезді ерте анықтауда флюорографиялық тексерудің маңызы зор. Өкпені флюорографиялық тексеру 15 жастан бастап жылына кемінде бір рет тұрғылықты жері немесе тіркелген емханасы бойынша тегін жүргізіледі.

Уақтылы вакцина алу, профилактикалық медициналық тексерулерден тұрақты өту және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау туберкулезді ерте кезеңде анықтауға, дер кезінде емдеуді бастауға және инфекцияның таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Ақсу қ. СЭББ бас маман И.А. Калёнова

 

Дата публикации
18 сентября 2026
Дата обновления
18 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы