Тамақтан улану – бұл қоздырғыштармен немесе олардың токсиндерімен жаппай себілген тағамды жеу нәтижесінде пайда болатын қауіпті ауру.
Тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында қарапайым сақтық шараларын сақтауға кеңес береміз:
- гигиена ережелерін сақтаңыз, әсіресе ас үй мен қолдың тазалығын қадағалаңыз;
- күмәнді сапада немесе бүлінудің айқын белгілерімен (иісі, түсі, дәмі) шикізат пен дайын тағамдарды пайдаланбаңыз;
- бөлме температурасында кондитерлік өнімдерді сақтамаңыз, оларды тоңазытқышта сақтау керек;
- көкөністер мен жемістерді мұқият жуу керек;
- кесілген немесе бүліну белгілері бар жемістер мен көкөністерді сатып алмаңыз;
- азық-түлік сатып алғанда, қаптаманың тұтастығына, шығарылған күніне және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.
Тамақтан уланудың ең тиімді алдын алу жолы – бұл ең алдымен хабардарлық пен қырағылық. Аурулар мен уланудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!
Ақсу қ. СЭББ бас маман Е.Н. Гулина