Қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз — тамақтанар және тамақ дайындау алдында, дәретханадан кейін.
Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз, жеке ас үй құралдарын пайдаланыңыз және тағамды толық термиялық өңдеуден өткізіңіз.
Өнімдерді сақтау мерзімі мен жағдайларын сақтаңыз. Қаптамасы бүлінген немесе жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді тұтынбаңыз.
Тек қауіпсіз ауызсу ішіңіз — қайнатылған немесе сапасына кепілдік берілген суды пайдаланыңыз.
Көкөніс, жеміс-жидектерді ағынды сумен мұқият жуыңыз.
Азық-түлікті жәндіктерден қорғаңыз.
Сүт және сүт өнімдерін кездейсоқ сатушылардан сатып алмаңыз.
Шомылуға тыйым салынған су айдындарында шомылмаңыз.
Аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз. Өз бетінше ем қабылдамаңыз!
Ақсу қ. СЭББ бас маман Е.Н. Гулина