Балаңыздың жөтелі бір аптадан астам уақытқа созылды ма? Жөтел ұстамалары түнде күшейе ме, ол құсуға дейін жөтеле ме, әлде жөтелден кейін тыныс алуы қиындай ма? Бұл көкжөтелдің белгілері болуы мүмкін- тыныс алудың қауіпті инфекциялық ауруы.
Көкжөтел Bordetella pertussis бактериясынан туындайды және жөтелгенде және түшкіргенде ауа арқылы таралады. Ауру әсіресе кішкентай балаларда ауыр өтеді.
Неге назар аудару керек:
Ата-аналар не істеу керек?
Жөтел тоқтамаса, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек;
Өз бетінше ем жүргізуге болмайды;
Диагноз расталғанша балаңыздың басқа балалармен байланысын шектеу;
Дәрігердің ұсыныстарын орындау.
Көкжөтелге қарсы ең жақсы қорғаныс - вакцинация.Уақытылы вакцина егу, балаларды ауыр аурулар мен асқынулардан қорғауға көмектеседі.
Балаларыңыздың денсаулығын сақтаңыз!
Ақсу қ. СЭББ бөлім басшысы К.Е. Сагитова