Меню

Страницы

Статья

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — жедел вирусты табиғи-ошақтық ауру. Ол адамға иксод кенелерінің шағуы арқылы немесе жұқтырылған жануарлардың қанымен жанасқанда беріледі.

Қауіп тобына жануарлармен жұмыс істейтін адамдар (шопандар, малшылар, сауыншылар, ветеринария қызметкерлері), эндемиялық аумақ тұрғындары, сондай-ақ науқастардың қанымен және биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болатын медицина қызметкерлері жатады.

Инкубациялық кезең — 2-ден 14 күнге дейін. Ауру кенеттен басталады: дене қызуы 39–40 °C-қа дейін көтеріледі, бас ауырады, қалтырау, бет пен шырышты қабаттардың қызаруы, бұлшықет және буын аурулары, жүрек айну мен құсу байқалады. 2–4 күннен кейін қан кету белгілері пайда болуы мүмкін (мұрыннан және қызыл иектен қан кету, теріде және шырышты қабаттарда қан құйылулар, ішкі қан кетулер болуы ықтимал).

Аурудан кейін иммунитет 2 жылдан 7 жылға дейін сақталады.

Алдын алу шаралары:

-табиғатқа шыққанда репелленттерді қолданыңыз;

-өзіңізді және өзгелерді кенелердің бар-жоғына үнемі тексеріп отырыңыз;

-жануарлармен қорғаныш киім мен қолғап киіп жұмыс істеңіз;

-киімді дұрыс киіңіз (көйлекті шалбардың ішіне, шалбарды шұлықтың ішіне салыңыз);

-жануарлар мен үй-жайларға кенеге қарсы өңдеу жүргізіңіз.

КҚГҚ — қауіпті ауру, уақтылы емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Кене шаққанда дереу медициналық ұйымға жүгініңіз. Кенені өз бетіңізше алып тастамаңыз.

Ақсу қ. СЭББ бас маман И.А. Калёнова

Дата публикации
18 сентября 2026
Дата обновления
18 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы