Меню

Страницы

Статья

Ойыншықтарды сатып алу кезінде нені ескеру қажет

14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар Кеден одағының ТР ТС 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Сатып алу кезінде таңбалануына назар аударыңыз. Таңбалауда мынадай мәліметтер болуы қажет:

* ойыншықтың атауы;

* өндіруші және шығарылған ел туралы мәліметтер;

* ойыншық арналған баланың ең төменгі жасы;

* дайындалған күні, жарамдылық мерзімі (бар болған жағдайда);

* Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай айналым белгісі (ЕАС);

* пайдалану жөніндегі нұсқаулық және ескерту ақпараты (қажет болған жағдайда).

Таңбалау және ойыншықпен бірге берілетін құжаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс.

Ойыншық қауіпсіз болуы керек:

* өткір химиялық иісі болмауы;

* сілекей мен тердің әсеріне төзімді берік қорғаныш жабыны болуы;

* баланың жарақаттануына немесе тұншығуына әкелуі мүмкін өткір жиектері, қауіпті шығыңқы бөліктері, ұсақ бөлшектері болмауы;

* қауіпсіз қаптамамен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ұсынамыз: ойыншықты сатып алар алдында оны мұқият қарап шығыңыз, таңбалануының болуын тексеріңіз және сатушыдан өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын сәйкестік сертификатын талап етіңіз.

Ақсу қ. СЭББ жетекші маман Я.М.Умербекова

 

 

Дата публикации
18 сентября 2026
Дата обновления
18 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы