Меню

Страницы

Статья

Адам папилломасы вирусының (АПВ) алдын алу

Адам папилломасы вирусы (АПВ) — құрамына шамамен 200 вирус түрі кіретін вирустар тобы. Олардың кейбіреулері денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндірмейді, алайда кейбір түрлері онкологиялық аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін.

АПВ-ның алдын алудың ең тиімді әдісі — жыныстық өмір басталғанға дейін жасөспірім кезеңде вакцинация жүргізу.

АПВ-ға қарсы вакцинация туралы маңызды ақпарат:

  1. Вакцина АПВ-ның ең қауіпті түрлерінен қорғайды.
  2. Қыздарға да, ұлдарға да ұсынылады.
  3. Вакцинация үшін оңтайлы жас — 9–14 жас.
  4. Вакцинация жыныстық өмір басталғанға дейін жүргізілген жағдайда тиімділігі жоғары болады.
  5. Вакцина репродуктивті функцияға әсер етпейді.
  6. Вакцинация жыныстық өмірді ерте бастауға ықпал етпейді.
  7. АПВ-ға қарсы вакцина қауіпсіз деп танылған және әлемнің көптеген елдерінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинацияның толық курсы 6 ай аралықпен енгізілетін екі дозадан тұрады. АПВ-ға қарсы вакцинация 11 жастағы қыздарға жүргізіледі, екінші доза 11,5 жаста ата-анасының немесе заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімімен енгізіледі.

Қосымша профилактикалық шараларға тұрақты медициналық тексерулерден өту, ата-аналардың балалармен денсаулық туралы сенімді қарым-қатынас орнатуы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және бөгеттік қорғаныс құралдарын пайдалану жатады.

Ең бастысы — АПВ-ның алдын алу оның салдарын емдеуден тиімдірек.

Ақсу қ. СЭББ бас маман И.А. Калёнова

Дата публикации
18 сентября 2026
Дата обновления
18 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы