Меню

Страницы

Статья

Вирустық гепатиттер бойынша эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары

Вирустық В және С гепатиттері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Қарастырылып отырған кезеңде созылмалы вирустық гепатиттің 8 жағдайы, оның ішінде В гепатитінің 3 жағдайы және С гепатитінің 5 жағдайы тіркелді.

Алдын алудың негізгі шаралары — науқастарды уақтылы анықтау, байланыста болған адамдарды тексеру, медициналық және косметологиялық процедуралар кезінде инфекциялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау, жеке бас гигиенасы заттарын жеке пайдалану және қауіпсіз жыныстық мінез-құлық.

Вирустық В гепатитінің алдын алуда вакцинацияның маңызы зор, өйткені ол инфекциядан қорғаудың тиімді әдісі болып табылады. С гепатитіне қарсы вакцина жоқ, сондықтан жұқтырған қанмен байланысқа жол бермеу, тұрақты түрде тексеруден өту және ауруды уақтылы емдеу маңызды.

Алдын алу шараларын сақтау, ерте диагностика жүргізу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау — вирустық гепатиттердің таралуын болдырмаудың негізгі кепілі.

Ақсу қ. СЭББ бөлім басшысы  К.Е. Сагитова

 

Дата публикации
18 сентября 2026
Дата обновления
18 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы