Меню

Страницы

Статья

Ақсу қаласында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Ақсу қаласында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған Ақсу арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу (ӨТЖ) өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт туындаған жағдайда бөлімшелердің іс-қимылға дайындығын арттыру және адамдарды құтқару дағдыларын жетілдіру.

Оқу-жаттығу барысында екінші қабаттағы акт залында өрттің шығуы туралы шартты сценарий пысықталды. Өрттің салдарынан жалынның таралуы мен түтін басу қаупі туындап, адамдарды уақтылы эвакуациялау қажеттілігі қарастырылды.

Негізгі назар барлау жүргізуге, өрт ошағын анықтауға, шартты өртті сөндіруді ұйымдастыруға және ғимараттағы адамдарды құтқаруға аударылды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрамның іс-қимылының үйлесімділігі, техника мен жабдықтардың дайындығы, сондай-ақ барлық тартылған қызметтердің өзара іс-қимылы бағаланды.

Мұндай өрт-тактикалық оқу-жаттығулар құтқарушылардың кәсіби дайындығын арттыруға және адамдар жаппай әрі тәулік бойы болатын нысандардағы төтенше жағдайларға ден қою дайындығын жетілдіруге мүмкіндік береді.

                                                                                             

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б.

Дата публикации
09 сентября 2026
Дата обновления
09 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы