|
Өткізу орны: Астана көшесі, 52, 103 кабинет
|
Өткізу күні: 2026 жылғы 13 маусым
|
Төраға: Ақсу қаласы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімінің басшысы – А.А. Камшатов
Қатысқандар: Ақсу қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері.
Күн тәртібі:
Баяндамашы: А.Н. Алимбаева – Ақсу қаласы әкімдігі аппаратының төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру даярлығы бөлімінің бас маманы.
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер
көрсету саласындағы қызметті талдау
2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақсу қаласы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімі азаматтарды әскери қызметке шақыру саласында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
2025 жылы бөліммен 281 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру бойынша – 272 қызмет;
- әскери қызметке шақырудан босату бойынша – 9 қызмет;
- мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы 5 дәлелді шешім қабылданды.
2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заңнама талаптарының бұзылу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы туралы есеп тоқсан сайын Ақсу қаласы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтер мониторингі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бөліміне ұсынылады.
Ұсынылды:
Төтенше жағдайлар,
азаматтық қорғаныс және
жұмылдыру дайындығы
бөлімінің басшысы А. Камшатов