Еңбек ету - адамның денсаулығына қолайлы ықпал ететін және қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз ететін қызметтің бір түрі болып табылады. Бірақ, жұмыстың кейбір түрлері, қолайсыз жағдайларда, кәсіби аурулардың себебі болуы мүмкін.
Жұмыс жасаушылар ағзасына кері әсер ететін өндірістік орта немесе еңбек процестерінің факторы және осы әсердің белгілі күші мен ұзақтылығынан пайда болатын, кәсіби зияндылық деп аталатын патологиялық жағдай немесе аурушаңдықтың белгілі нозологиялдық түрлеріне әкелуі мүмкін.
Кәсіби зияндылық көбінесе өндірістік процеспен,оның технологиясымен,жабдықталуымен байланысты болады. Бұған токсикологиялық заттар, шаң, радиобелсенді заттар және иондаушы сәулелендiру көздерi, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелендірулер, радиожиіліктердің электр магнитті толқындары, шу, діріл, жоғары және төмен температура,көтеріңкі немесе төмен атмосфералық қысым және т.б.
Сол сияқты кәсіби зияндылықтар еңбек процесімен, оның ұйымдастырылуымен,кернеулілігімен, ұзақтылығымен байланысты болуы мүмкін.Бұған жататындары : жүйке,көру,есту жүйесінің ұзақ кернелуі ,жиі бір қалыпты қозғалыс, жеке бұлшық ет топтарының ұзақ кернелуі, дененің ұзақ мәжбүрлі күйде болуы және т.б.
Кәсіби ауруларға, өндіріс ортаның қолайсыз факторларының әсер етуінен себеп болған аурулар жатады.
Кәсіби аурудың пайда болу уақытына байланысты, олар жіті және созылмалы болуы мүмкін.
Ақсу қаласының аймағында 2 ірі өндірістік объект орналасқан, бұл «Казхром «ТҰК» АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауыты және «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, мұнда көп маман иелері зиянды факторлар кешенінің әсер етуіне шалдығады.
Осыған байланысты шаңға байланысты кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында мына ережелерді ұстану қажет:
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова