Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларымен реттеледі.
Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органның кеңсесіне қағаз өтініш беру не оны eGov арқылы электрондық нысанда, сондай-ақ мемлекеттік органның электрондық поштасына беру арқылы мемлекеттік органға жүгінуге құқығы бар.
Берілген өтініште ҚР ӘРПК-ның 63-бабына сәйкес мынадай міндетті деректемелерді көрсету қажет:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН (бар болса), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, БСН (бар болса);
2) өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
3) өтініштің мәні;
4) өтініш берілген күн;
5) өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтерді қамтиды.
Өтініш мемлекеттік органға (қолма-қол) берілген жағдайда өтініш берушіге күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген бірегей нөмірі бар талон беріледі.
ҚР ӘРПК 64-бабының 6-тармағына сәйкес өтініш жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
Егер өтініш беруші оны әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, онда әкімшілік орган, лауазымды адам өтінішті ҚР ӘРПК 64-бабының 7-тармағына сәйкес өтініш берушіге қайтарады.
Өтінішті қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді, өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш берушінің өтінішті кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған жағдайда оны қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.
Субъектілердің (объектілердің) санитариялық-гигиеналық нормалардың талаптарын сақтамауы мәселесі бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына өтініш берген кезде өтінішке дәлелді негіздер, яғни санитариялық-гигиеналық нормалардың бұзылу фактісін растайтын фото-бейне материалдар, анықтамалар, чектер және өзге де дәлелдемелік материалдар қоса берілуі қажет екенін атап өту маңызды.
ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындау және жүргізу үшін жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіздердің бірі нақты негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады. Осыған байланысты өтініш берушінің өтінішінің негізділігі дәлелді негіздермен және растайтын дәлелдемелермен расталуы тиіс.
Сонымен қатар, санитариялық-гигиеналық нормалардың талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде фото-бейнені тіркеген кезде өнімнің (заттың) бұзушылық қойылған объектімен себеп-салдарлық байланысын, сондай-ақ фото-бейне материалдарын тіркеу күні мен уақыты көрсетіле отырып, жаңа болуы тиіс.
Мәселен, жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасау арқылы әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асыру үшін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жүгіну негізді болуға және санитариялық-гигиеналық нормалардың бұзылуының дәлелді дәлелдерімен сүйемелденуге тиіс.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова