Меню

Страницы

Статья

ЕРТЕ ПІСЕТІН ЖИДЕКТЕРДЕН ТАҒАМДЫҚ УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жаз мезгілінде ерте пісетін жидектерді тұтынғанда қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды. Дұрыс сақталмаған немесе құрамында нитраты көп жидектер тағамдық улануға себеп болуы мүмкін.

Өзіңізді және отбасыңызды қалай қорғауға болады?

-Жидектерді тек рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз.

-Жол бойында сатылатын өнімдерді алмаңыз.

-Өнімнің сыртқы түріне назар аударыңыз.

-Тым ірі, табиғи емес ашық түсті немесе иісі жоқ жидектерде нитрат мөлшері жоғары болуы мүмкін.

-Жидектерді мұқият жуыңыз.

-Тұтынар алдында ағын сумен жақсылап шайып, қайнаған сумен бір рет шайған дұрыс.

-Ұзақ сақтамаңыз.

-Жаңа жидектер бөлме температурасында тез бұзылады.

-Балаларға жуылмаған жидек бермеңіз.

Балалардың ағзасы ішек инфекциялары мен нитраттарға сезімтал келеді.

Бұзылған жидектерді пайдаланбаңыз.

Қышқыл иіс, көгеру немесе ашу белгілері болса — тұтынуға болмайды.

Тағамдық уланудың белгілері:

жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш өту, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі.

Белгілер пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Денсаулығыңызды сақтаңыз — қауіпсіз өнім таңдаңыз!

Ақсу қ. СЭББ бас маманы Е.Н. Гулина

 

 

Дата публикации
21 мая 2026
Дата обновления
21 мая 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы