Оқу жылы аяқталуға жақын, балалар мен олардың ата-аналары демалыстың басталуын асыға күтеді және алдағы демалыс туралы ойлануда.
Әрине, балалар демалысын әр түрлі жолмен ұйымдастыра аласыз: баланы қала сыртындағы немесе мектеп жанындағы балалар лагеріне жіберуге, отбасыңызбен сайжайға немесе қала сыртына бірге саяхатқа шығуға болады.
Қалай болғанда да, жазғы демалыстың толыққанды және қауіпсіз болуы бізге, ересектерге, оған қалай дайындалатынымызға байланысты.
Егер Сіз баланы қала сыртындағы лагерьге жіберу туралы шешім қабылдаған болсаңыз, онда осы балалар сауықтыру ұйымының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар екеніне көз жеткізуді ұсынамыз.
Баланы лагерьге баруға дайындаған кезде онымен жеке гигиена ережелері, тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу туралы әңгіме жүргізіңіз.
Есіңізде болсын, жазда қоршаған ортада ішек инфекцияларының қоздырғыштары және олардың таралуы үшін қолайлы жағдайлар көп кездеседі, лас қолмен, сапасыз тағамдармен ағзаға енуі мүмкін.
Тамақ өнімдерін кездейсоқ адамдардан, күмәнді, рұқсат етілмеген жерлерде, көшелерде сатып алмау керек, өйткені жарамдылық мерзімі өткен, ішек және паразиттік инфекциялардың қоздырғыштарымен ластанған бүлінген өнімді сатып алу ықтималдығы жоғары. Көшедегі жол бойындағы асханада немесе ашық кафеде тамақтанар алдында - қолды жууға жағдай бар-жоғына, объектінің санитарлық жағдайына баса назар аударыңыз.
Жазда "тамақтанар алдында және кейін, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды жуу" ережесі бұрынғыдан да маңызды!
Жазда ата-аналар баланы бақшадан жидектермен, көкөністермен тамақтандыруды ойлайды. Жуылмаған немесе нашар жуылған бақша өнімдері жасылдар баланың әртүрлі ішек инфекцияларының дамуына әкелуі мүмкін, сондықтан қолданар алдында көкөністер мен жемістерді мұқият жууды ұмытпаңыз.
Сапарларда, жорықтарға шыққанда, лагерьге барғанда балаларға тез бұзылатын тағамдарды, оның ішінде үйде дайындалған тағамдарды, лимонадтарды, үлкен пакеттердегі шырындар, консервілерді беруге болмайды. Азық-түлікті сақтаудың қажетті шарттары мен мерзімдерін сақтамау тамақтан улануға және ішектің жұқпалы ауруларына әкелуі мүмкін.
Жаздың ыстық күндерінде ересектер мен балалардың суда шомылуға деген ұмтылысы түсінікті. Алайда, ластанған су жедел ішек инфекциялары, паразиттік инфекциялар, терінің саңырауқұлақ инфекцияларының, лямблиоздың өршуіне әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Осыған байланысты балаларға ұсынылмайтын немесе тыйым салынған су айдындарында шомылуға рұқсат бермеңіз.
Жылы кезеңнің басталуымен кенелер де белсенді бола бастайды. Баланы табиғатта серуендеу кезінде, саябақта, саяжайда болған кезде кене шағудан қорғау үшін баланың шашы мен терісінің ашық жерлерін мүмкіндігінше жабатын киім киюді ұсынамыз: басын орамалмен байлаңыз немесе бас киім кигізу, шорты орнына ұзын шалбар кию, жабық аяқ киіммен ауыстырған дұрыс, ұзын жеңді көйлек киген де жақсы. Бұл жағдайда көйлекті шалбарға, шалбарды шұлыққа немесе аяқ киімге салу керек. Киім ашық түсті болуы керек, себебі оған түскен кене көзге жақсы көрінеді.
Сондай-ақ, кенеге қарсы акарицидтерді қолдануды ұсынамыз. Кенелер акарицидтерден қорқады, бірақ бұл құралдарды ешбір жағдайда теріге, тек үй-жайдан тыс орында киімге шашу арқылы қолдану керек.
Егер кене шағып алса, оны өз бетіңізше алып тастауға тырыспаңыз, дереу білікті медициналық көмек көрсететін жақын жердегі жарақат орталығына немесе емханаға хабарласыңыз.
Құрметті ата-аналар, біздің қарапайым ұсыныстарымызды орындау Сізге және балаларыңызға жазғы демалысты ойдағыдай өткізуге көмек болады деп ойлаймыз, демалыстарыңыз сәтті өтсін!
Есіңізде болсын: балаларды өзіміз үлгі болып тәрбиелей аламыз, сондықтан біздің ұсыныстарымызды орындап, балаларға қауіпсіз демалу ережелерін түсіндіру керек.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы Е.Н. Гулина