Меню

Страницы

Статья

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ)

Бұл аса қауіпті жұқпалы ауру. КҚГҚ-ға қарсы вакцина жоқ!

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қалай жұғады?

  • жұқтырылған кененің шағуы арқылы;
  • кенені қолмен жаншып тастағанда;
  • малды сою және оны бөлшектеу кезінде;
  • науқас адамның қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтарымен тікелей байланыста болғанда.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері:

  • дене қызуының жоғарылауы;
  • бас ауруы;
  • буындар мен бел аймағындағы ауырсыну;
  • қызыл иек пен мұрыннан көп қан кету, теріде қанды дақтардың пайда болуы.

КҚГҚ-ның алдын алу:

— серуен кезінде әр 2–3 сағат сайын денені тексеру;

— қолдың білегін және аяқтың сирағын толық жабатын киім кию;

— кенелерді үркітетін репеллент-аэрозольдерді қолдану;

— кенелерді жоятын акарицидтік аэрозольдерді қолдану;

— кенені алу кезінде міндетті түрде қолғап кию;

— малды сою және күту кезінде қолғап және басқа да қорғаныш құралдарын пайдалану.

Маңызды! Егер сізді кене шақса, міндетті түрде кез келген медициналық мекемеге хабарласыңыз.

Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова

 

 

Дата публикации
21 мая 2026
Дата обновления
21 мая 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы