Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық тамақтану объектілеріне арналған санитариялық қағидаларға енгізілген өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 34 бұйрығымен «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрық) өзгерістер енгізілді.

Енгізілетін өзгерістерге сәйкес балалар санаторийлері мен сауықтыру ұйымдарының сондай-ақ білім беру және тәрбиелеу объектілері асханалары мен түстену залдары аудандарының нормалары бөлінген.

Бұл ретте, кафелер мен мейрамханаларды қоса алғанда, қоғамдық тамақтану объектілері алаңдарының нормалары өзгеріссіз қалды.

Бұдан басқа, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануына байланысты Санитариялық қағидалардың бірқатар тармақтарына жаңа Құрылыс кодексінің тұжырымына сәйкес сілтеме нормасын ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізілді («сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер» деген тұжырым «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар»-ға ауыстырылды).

Осылайша, жаңа Құрылыс кодексіне сәйкес редакциялық түзетулер бөлігінде ғана өзгерістер енгізілді және қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаңдатуды көздемейді.

Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды қатаңдату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ақсу қ. СЭББ бас маманы Е.Н. Гулина

 

 

Дата публикации
21 мая 2026
Дата обновления
21 мая 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы