Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында ағымдағы жылдың 21 қыркүйекінде Ақсу қаласы ТЖ бөлімінің қызметкерлері дөңгелек үстел өткізді. 

          Аталған іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына бейнеролик көрсетілді. Онда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің мысалдары, жазалау шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сақтық шаралары баяндалды.  Бейнероликті көргеннен кейін бөлім қызметкері баяндама жасады. Оның баяндамасында жеке құрамға Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға шолу, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жазалау туралы заңнаманың баптары жеткізілді. Баяндама соңында осы тақырыпқа қызығушылық танытқан сұрақтар қойылып, барлығы толық жауап алды. Мұндай шолулар жеке құрамға апта сайын жеткізіледі.

         Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Жастардың алған білімдері оларға өмірде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерімен жанаспауға көмектеседі деп сенгім келеді. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Болашақ жас ұрпақтың қолында! 

         Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмыс үздіксіз жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде. 2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жаңа "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы" бекітілді. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түйінді бағыттары: 

* Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 

* қоғамдық бақылау институтын енгізу; 

* мемлекеттік және жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 

* құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; 

* сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; 

* сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты Шаймардан Е.Ж

Дата публикации
01 октября 2020
Дата обновления
01 октября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы