Ақсу қаласы әкімдігінің «Ақсу қаласында және Ақсу
қаласының ауылдық округтерінде салық салу объектісінің
орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу
коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ
Ақсу қаласы әкімдігінің осы қаулы жобасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес енгізіледі.
Ақсу қаласы әкімдігінің осы қаулысын қабылдаудың мақсаты-Ақсу қаласында және Ақсу қаласының ауылдық округтерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасын қабылдау жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Қаулы жобасы "Электрондық үкіметтің" интернет – порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған: сілтеме https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=4955801
«Ақсу қаласының қаржы бөлімі» ММ
басшысы Е. Сағынтаев