Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою
1) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын өндіруді;
2) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;
3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiруді;
4) алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;
5) темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
6) ойын бизнесiн;
7) осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды);
8) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.
Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 5) (темекі бұйымдарын өндіруді қоспағанда), 6 – 10) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiне меншiк немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), автожанармай құю станциясына меншiк немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың немесе автожанармай құю станциясын иеленушімен жасалған, оған сәйкес автожанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген өкіл) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек саудада өткізуді өтініш берушінің (сенім білдірушінің) атынан немесе оның тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын тапсырма шартының не мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартының;
осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізу кезінде қоймалық үй-жайға меншiк құқығын немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Тапсырма шартын және мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартын қоспағанда, шарттардың қолданылу мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс.
Салыстырып тексеру үшiн шарттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, шарттардың көшiрмелерiн нотариат куәландыруға тиіс.
1) хабарлама берілген күннен бастап;
2) лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Стационарлық орын ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын болып табылады.
Ақсу қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы