«Заңды тұлғалардан
мүлік және жер салықты есептеу мен төлеу тәртібі»
Салық кодексінің 522 бапқа сәйкес салық төлеушiлер салықты есептеудi салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы өз бетінше жүргiзедi.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер мүлік салығын есептеуді осы Кодекстің 78-тарауы 1-параграфының ережелерін ескере отырып жүргізеді.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салықтық кезең ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық салу объектілерінің салықтық кезеңнің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған баланстық құнына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.
Салық бюджетке салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi.
Ағымдағы төлемдердің мөлшері салықтық кезеңнің басындағы салық салу объектілері бойынша салықтық базаға тиісті салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, тең үлестермен төлейді.
Салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде, оның ішінде осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға берген немесе олар мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген кезде:
1) осындай салықтық кезеңнің ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды төлеудің алғашқы мерзімі болып табылады;
2) ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық сомасын тек түпкілікті есептеу және осы баптың 11-тармағында көзделген мерзімдерде төлеу жүргізіледі.
Мүлік салығы бойынша міндеттемелер салықтық кезең ішінде өзгерген кезде ағымдағы төлемдер, егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, осындай салықтық кезеңде салық төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен салықтық міндеттемелердің өзгеру сомасына түзетіледі.
Салықтық кезең ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер бухгалтерлік есеп деректері бойынша келіп түсетін күнге айқындалған келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-і салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын сомаға ұлғайтылады. Ағымдағы төлемдер ұлғайтылуға жататын сома осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салықтық кезең ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілері құнының 1/13-і салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын сомаға азайтылады.
Бұл ретте мыналар шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады:
бухгалтерлік есеп деректері бойынша келіп түсетін күнге бастапқы құн – ағымдағы салықтық кезеңде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;
бухгалтерлік есеп деректері бойынша салықтық кезеңнің басындағы баланстық құн – қалған салық салу объектілері бойынша.
Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер мүлік салығын есептеу жөніндегі түпкілікті есеп-қисапты жүргізеді және салықтық кезең үшін декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.
Осы Кодекстің 518-бабы 6-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлға үшін салық сомасы тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтар берілген жағдайда:
1) беруші тарап үшiн – осындай салық салу объектісін іс жүзінде иеленген және (немесе) пайдаланған (іске қосқан) айдың 1-күнінен бастап осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берілген айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін;
2) қабылдаушы тарап үшiн – осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берiлген айдың 1-күнінен басталған кезең үшін есептеледі.
Салық кодексінің 522 бапқа сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi салықтық кезең iшiнде есептеуге және төлеуге мiндеттi.
Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салықтық кезеңнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салықтық базаға тиiстi салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.
Салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде, оның ішінде осы Кодекстiң 498-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға берген немесе мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген кезде:
1) осындай салықтық кезең ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды бірінші төлеу мерзімі болып табылады;
2) ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерде тек түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу жүргізіледі.
Жер салығы бойынша мiндеттемелер салықтық кезең iшiнде өзгерген кезде ағымдағы төлемдер, егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық мiндеттемелердiң өзгеру сомасына осындай салықтық кезеңде жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.
Салық салу объектiлерiне құқықтар салықтық кезеңнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi.
Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте осы құқықтарды беретін тұлға салық сомасын ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн есептейдi. Осындай құқықтарды алған тұлға салық сомасын оның жер учаскесiне құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең үшiн есептейдi.
Салық төлеушi салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзеді және жер салығын төлейдi.
Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы