Эксаумақтық ұстанымда мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында эксаумақтық ұстанымда мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыс істеуде.
Эксаумақтық – салық төлеушінің тіркелген немесе тұрғылықты жеріне қарамай ақақпаратты, қызметті немесе қызмет көрсетуді алу кезіндегі еріктілігі.
Эксаумақтық ұстаным бойынша мемлекеттікқызметтер көрсету бойынша пилоттық жоба енгізу,мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін оңтайландыруға және жеңілдетуге бағытталған.
Тіркелген немесе тұрғылықты жеріне қарамай-ақ, экстерриторялық ұстаным бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі:
Мемлекеттік кірістер басқармаларында алуға болатын қызметтер:
-Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi ;
- Салық төлеушілерді тіркеу;
-Мемлекеттік кірістер басқармаларында есеп жүргізілетін, салықтық төлемдер бойынша берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы мәліметтерді ұсыну;
- Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру;
- Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
- Салық есептілігін қабылдау;
- Салық есептілігін керi қайтарып алу;
-Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
- Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту;
- Бюджетпен есеп айырысулар туралыжай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру.
Мемлекеттік кірістер департаменттерінде алуға болатын қызметтер:
- Қазақстан Республикасының резинденттігін растау;
- Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару.